Главная страница » Қытайдан донорлық бағаналы жасушалар алғаш рет Қазақстандағы науқасқа емдік мақсатта берілді

Қытайдан донорлық бағаналы жасушалар алғаш рет Қазақстандағы науқасқа емдік мақсатта берілді

by EurasiaPluse
0 пікір

Бұл туралы EurasiaPluse басылымның Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Аньхой провинциясынан келген қытайлық студент Қытай тарихында алғаш рет өз бағаналы жасушаларын Қазақстандағы науқасқа көмек ретінде жіберген донор болды.

«Жэньминь жибао» газетінің жазуынша, Сяодин (аты өзгертілген) есімді жас жігіт Аньхой политехникалық университетін тәмамдаған және Қытайдың Сүйек кемігінің жасушаларын донорлыққа қабылдайтын ұлттық бағдарламасына (CMDP) тіркелген.

Биыл сәуір айында ол Аньхой провинциясының Хуайнань қаласындағы Қызыл Крест ұйымына шақырылды. Себебі оның сүйек кемігі типтеу нәтижелері Қазақстандағы бір науқаспен сәйкес келген.

Донорлық бағаналы жасушаларды жинау процесі сейсенбі күні Аньхой провинциясы, Хэфэй қаласындағы Қытай ғылым-технология университетінің Бірінші ауруханасында өтті.

Процедура шамамен үш сағатқа созылып, одан кейін жас қытайлықтың гематопоэтикалық бағаналы жасушалары салынған пакет Қазақстанға жеткізілді.

Бұл ерекше сәлемдемемен бірге жолданған хатында Сяодин былай деп жазған:

«Күн сайынғы Күннің шығуы — жаңа үміттің белгісі, бұл — өмір сыйы. Мен Сізге осы кең байтақ даланың төрінде бақыт тілеймін және денсаулығыңыз жақсарған күні Қазақстанның шексіз даласында еркін саяхаттап, өзіңіздің ұзақ әрі ғажап өмір жолыңызға аттанатыныңызды асыға күтемін».

Қазір оқылып жатыр

EurasiaPluse.kz

Ел іші-сыртындағы өзекті жаңалықтар, сараптамалар, саяси және қоғамдық пікірлер

Соңғы жазбалар

@2025 — Барлық құқықтары қорғалған. EurasiaPluse.kz