Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
4 мамыр күні түстен кейін, жергілікті уақыт бойынша сағат 16:00 шамасында Қытайдың Уцзян өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан Лючунхэ өзенінде нөсер жауын салдарынан екі яхта аударылып қалды. Оқиға кезінде суға құлағандардың жалпы саны шамамен 70 адамды құрады, оның ішінде экипаж мүшелері де бар. Қытайлық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, сағат 19:00-дегі мәлімет бойынша құтқарушылар 50-ден астам адамды судан шығарып үлгерген. Қазіргі таңда оқиға орнында құтқару жұмыстары белсенді жүргізілуде.
Айта кетейік, бұған дейін Қытайдың Цзянсу провинциясындағы Сучжоу қаласында тікұшақ апатынан бір адам көз жұмғаны хабарланған болатын.
Кілтсөздер: Қытай, Лючунхэ өзені, яхта апаты, құтқару жұмыстары, суға құлау.
Фото: inform.kz сайтынан алынды