Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Қытайдың құрлықтық бөлігінде 58 атом энергоблокы жұмыс істеп, 31-і құрылысқа рұқсат алып, 13 блоктың құрылыс жобасы мақұлданды. Соның нәтижесінде, энергоблоктардың жалпы саны 102-ге жетіп, қуаты 113 миллион киловатқа жетті. Бұл Қытайды әлемдегі атом энергиясы бойынша жетекші өндіруші позициясына көтерудің жақсы мүмкіндігін береді, — деді ҚХР Экология және қоршаған орта министрлігінің Ядролық энергетика қауіпсіздігін қадағалау департаментінің директоры Хоу Иньдун.
Мемлекеттік энергетика басқармасының мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың наурыз айында Қытайдың жел және фотоэлектр станцияларының қуаты 1 миллиард 482 миллион киловатқа жетіп, алғаш рет жылу электр станцияларының қуатына қарағанда асып түспек.
Қытай билігі экономиканың декарбонизациясын қолға алғандықтан, соңғы жылдары елде энергетикалық жаңарту қарқыны айтарлықтай өсті.
Сондай-ақ, Қытай Панама каналы порттарының сатылуын тексеруді талап етіп отыр.
Фото: inform.kz сайтынан алынды