Главная страница » Вице-министрге қатысты тергеу аяқталды

Вице-министрге қатысты тергеу аяқталды

by EurasiaPluse
0 пікір

Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды EurasiaPluse.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Осыған байланысты, Агенттік Мәдениет және спорт министрлігінің бұрынғы вице-министрі  Ерлан Қожағапанов пен мердігер ұйым басшыларына қатысты тергеуді аяқтады. Олар қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланып, 1 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп айыпталуда.

2024 жылдың 13 желтоқсанында Бас Прокуратура күдіктілерді сотқа берді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысы туралы қосымша ақпарат жарияланбайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Қазір оқылып жатыр

EurasiaPluse.kz

Ел іші-сыртындағы өзекті жаңалықтар, сараптамалар, саяси және қоғамдық пікірлер

Соңғы жазбалар

@2025 — Барлық құқықтары қорғалған. EurasiaPluse.kz