Главная страница » Трамп өзінің Рим Папасы бейнесіндегі суретін жариялады

Трамп өзінің Рим Папасы бейнесіндегі суретін жариялады

by EurasiaPluse
0 пікір

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Дональд Трамптың жасанды интеллект арқылы жасалған суреті желіде кең тарады

Әлеуметтік желілерде Дональд Трамптың алтын жалатылған тақта отырған суреті қызу талқыланып жатыр. Суретте оның үстінде католик дінбасылары киетін ақ ұзын киім, басында христиан шіркеуінің дәстүрлі митрасы, ал кеудесінде алтын крест бейнеленген. Оң қолындағы сақина саусағында папа сақинасы көрініп тұр, ал сұқ саусағы жоғары көтерілген.

Бұл фотосурет жасанды интеллект көмегімен жасалғаны болжануда. Суреттің астында ешқандай түсініктеме берілмеген.

Ақ үй бұл жазбаны өз парақшасында репост жасады. Ал бұған дейін Дональд Трамп жаңа Рим Папасы болуды әзілмен айтқан еді. Ол бұл туралы тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеген. Журналистермен әңгімесін Forbes Breaking News YouTube арнасында жариялады.

"Мен Рим Папасы болғым келеді. Бұл менің бірінші таңдауым болар еді", – деді Трамп. Сондай-ақ ол понтифик лауазымына үміткерлер арасында ешқандай артықшылығы жоқ екенін атап өтті.

Еске сала кетейік, Жаңа Рим Папасын таңдау рәсімі 7 мамырға белгіленген.

Кілтсөздер: Дональд Трамп, Рим Папасы, жасанды интеллект, сурет, католик шіркеуі, Ақ үй, әлеуметтік желі.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Қазір оқылып жатыр

EurasiaPluse.kz

Ел іші-сыртындағы өзекті жаңалықтар, сараптамалар, саяси және қоғамдық пікірлер

Соңғы жазбалар

@2025 — Барлық құқықтары қорғалған. EurasiaPluse.kz