Главная страница » Төтенше жағдай режимі енгізілді

Төтенше жағдай режимі енгізілді

by EurasiaPluse
0 пікір

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Өрт Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласындағы Хамджи тауында жергілікті уақытпен 14:00 шамасында басталды. Алғашқы екі сағатта өрт жақын ауылдарға тарала бастаған кезде, төтенше әрекет ету режимі енгізілді. Тэгу қаласы Сеулден 230 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан.

Бұл режим аясында өрт сөндіру жұмыстарына қосымша 28 өрт сөндіру машинасы қосылды. Бұған дейін 67 өрт сөндіру көлігі мен 29 өрт сөндіру тікұшағы жұмылдырылған болатын.

Адам шығыны туралы мәлімет жоқ, алайда жақын тұрғындарға мектептерге эвакуациялау туралы нұсқамалар берілді. Президент міндетін атқарушы Хан Док Су барлық тиісті ведомствоға «қолдағы техниканы әрі персоналды» өртті сөндіруге және азаматтарды қауіпсіз жерлерге ауыстыруға жұмылдыру тапсырылып, шұғыл шаралар қабылдауды талап етті.

— Өрттің қатты желдің әсерінен тез таралуы мен тұрғын үйлердің жақын орналасуы адам өліміне жол бермес үшін шұғыл құтқару шараларын жүргізу қажет, — деді ол.

Оңтүстік Кореяның Орман қызметі орман өртіне қарсы ең жоғары — үшінші деңгейдегі әрекет ету режимін жариялады. Бұл шешім желдің жылдамдығы 7 метрден асқанда, зақымдану аумағы 100 гектардан көп болған жағдайда және өртті сөндіру жұмыстары 24 сағаттан артық уақыт алуы мүмкін кезде қабылданады.

Жергілікті уақытпен сағат 18:00-де өрт шамамен 57 гектарға жетіп, сөндірілген аймақ 14,5% деңгейінде екенін хабарлады өрт сөндіру қызметі.

Еске сала кетсек, Оңтүстік Кореяның оңтүстік-шығыс аймағында орман өрті салдарынан 18 адам қаза тауып, өрт сөндіру тікұшағы апатқа ұшыраған болатын.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Қазір оқылып жатыр

EurasiaPluse.kz

Ел іші-сыртындағы өзекті жаңалықтар, сараптамалар, саяси және қоғамдық пікірлер

Соңғы жазбалар

@2025 — Барлық құқықтары қорғалған. EurasiaPluse.kz