Главная страница » Түркістан қаласындағы Шығыс моншасының жылу жүйесі бір шаммен қамтамасыз етілгені шындыққа жанасымды ма?

Түркістан қаласындағы Шығыс моншасының жылу жүйесі бір шаммен қамтамасыз етілгені шындыққа жанасымды ма?

by EurasiaPluse
0 пікір

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Шығыс моншасы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Зерттеушілердің болжамы бойынша, монша 1580-1590 жылдар аралығында сәулет өнерінің озық дәстүрлерімен салынған. Зияратшылар келген кезде мұнда дәрет алып, ғұсыл жасайтын болған.

Морфологиясы бойынша жартылай жер астында салынған көп күмбезді құрылыс болып табылады. Моншаның өлшемдері 15×17 метр, ал биіктігі 4,8 метр, қабырғаларының қалыңдығы 1 метр. Архитектуралық ерекшеліктері мен ортағасырлық сәулет өнерін танытатын бұл құрылыс бүгінгі таңда туристер мен тарихшылардың назарында.

монша
Фото: «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығы

«Монша бөлмелері дәліз, орталық жуыну, ыстық және салқын су, массаж бөлмелері болып бөлінеді. Басты ерекшелігі — ыстықты ұзақ сақтау және түтінді күшейту. Монша 1975 жылға дейін халыққа қызмет көрсетті», — дейді «Әзірет Сұлтан» музейінің экскурсоводы Марина Искакова.

қабырға
Фото: «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығы

Шығыс моншасы туралы ел арасында аңыздар бар, соның бірі — монша бір шамның жарығымен жылытылған деген пікір. Мамандар бұл анықтығын түсіндірді.

«Бұл жай аңыз. Нақты факт емес. Жер астында жылыту орталығы болған, онда от жағылып ыстық су шығарылған. Бу арқылы жылу бөлмелерге тарап, жоғарыдағы құбырлар арқылы түтін сыртқа кеткен», — деп атап өтті экскурсовод.

Монша ішінде XVI ғасырдан қалған мыстан жасалған ыдыстар мен сирек кездесетін жәдігерлер бар. Орталық жуыну бөлмесінде XVI ғасырдан бері сақталған жалғыз мәрмәр плита да қызықтыратын заттардың бірі.

«Плитаның жиектерінде гүлдестелер қашалып салынған, бұл моншаның гигиеналық жағдайына көңіл бөлінгенін көрсетеді», — деді Марина Искакова.

Монша бөлмелерінің өзгешелігі — температураның жақсы сақталуында. Алайда, есіктердің жоқтығы орын алып отыр.

«Есіктердің жоғы мен өткелдердің орналасуы мен қабырғалардың қалыңдығы мұның бәріне әсер етеді», — деп түсіндірді маман.

Сонымен қатар, XVIII ғасырдағы «Хандар шежіресі» қолжазбасы ЮНЕСКО-ның халықаралық «Әлем жады» тізіліміне енгізілгені туралы ақпараттаныңыз.

монша
Фото: «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығы

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Қазір оқылып жатыр

EurasiaPluse.kz

Ел іші-сыртындағы өзекті жаңалықтар, сараптамалар, саяси және қоғамдық пікірлер

Соңғы жазбалар

@2025 — Барлық құқықтары қорғалған. EurasiaPluse.kz