Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Швецияда мұражай билеттерінің бағасы қымбаттады
2025 жылы Швециядағы 32 ірі орталық мұражайдың көпшілігі билет бағасын арттырды. Қазір мұражайға бару құны орта есеппен 160 швед кронасын (шамамен 15 доллар) құрайды.
Ең қымбат орталықтардың бірі — Скансен ашық аспан астындағы мұражайы мен зообағы. Бұл мәдениет нысаны бұрын тегін кіру бағдарламасына кірмеген. Билет бағасы маусымға қарай 220-285 швед кронасын (20-26 доллар) құрайды. Скансен басшылығы ғимаратты, зообақты және түрлі іс-шара алаңдарын қамтитын 300 000 шаршы метр аумақта қызмет көрсететінін алға тартады. Мемлекеттік қаржыландыру тек шығындардың аз бөлгісін ғана өтейді.
– Скансенді баршаға қолжетімді музей ретінде сақтау – мақсатымыз. Бірақ жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын тоқтатсақ, инфрақұрылым тозады. Экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты балаларға тегін кіру мүмкіндігін бере алмай отырмыз, – дейді музей әкімшілігі.
Бағаның өсуінен Экономикалық және Тарихи мұражайлар, Қару-жарақ палатасы сияқты бұрын тегін немесе арзан қызмет көрсеткен мекемелер де сырт қалмады. Бұл мекемелерде енді билет құны 150-ден 180 кронаға (14-17 доллар) дейін өсті. Барлық осы ұйымдар «Мемлекеттік тарихи мұражайлар» қауымдастығына қарайды. Басшылықтың айтуынша, мұндай өзгеріс мәдени іс-шаралардың және операциялық шығындардың қымбаттауымен байланысты.
Дегенмен, ArkDes сәулет және дизайн мұражайы биыл кіру құнын мүлде алып тастады. Осы шешімнен кейін келушілер саны екі есеге өсті.
Айта кетейік, бұған дейін Швецияда күзен өсірудің тоқтатылғаны хабарланған болатын.
Кілтсөздер: Швеция мұражайлары, мұражай билеттері, музей бағасы, Скансен, мемлекеттік мұражай, мәдениет нысандары.
Фото: inform.kz сайтынан алынды