Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Иран Үкіметінің өкілі Фатеме Мохаджерани порттағы жағдайды бақылауға алғандарын хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта Иран медициналық мекемелерінде 1139 адам емделіп жатыр.
— Шираз бен Лурестанға кейбір науқастар әуе көлігімен жеткізілді, — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, Бендер-Аббас портында таңертең жойқын жарылыс болды. Нақты себебі белгісіз, алайда бастапқы мәліметтер бойынша 47 адам жарақат алып, 8 адам қаза тапқан болатын. Кейін бұл көрсеткіш 750-ге жетті, ал 14 адам жан тапсырды.
Оқиға орнынан алынған бейнемазмұндар порттың бір бөлігінің қатты бүлінгенін көрсетеді.
Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сонымен қатар Ирандағы жарылыстың Қазақстан үшін маңыздылығы талқыланды.
Оқиғаға зымыран отынының құрамдас бөлігі себеп болуы мүмкін екені айта кетті.
Фото: inform.kz сайтынан алынды