Қазақстанда ІТ саласы қарқынды дамып, саладағы мамандардың еңбек нарығы жаңа тенденцияларды көрсетіп отыр. nFactorial AI жүргізген зерттеу аясында 15,514 LinkedIn-профиль сараланып, ІТ мамандарының жұмыс ауыстыру динамикасы, танымал компаниялар, оқу орындары, негізгі мамандықтар мен дағдылар анықталды. Бұл туралы Арман Сүлейменов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады деп хабарлайды EurasiaPluse ақпарат агенттігі .
ІТ мамандарының жұмыс ауыстыру тенденциясы
Танымал бағыттар
Зерттеуге сәйкес, ІТ мамандары арасында Home Credit Bank Kazakhstan компаниясынан Kaspi-ге ауысу жиі кездеседі — 110 профиль. Сондай-ақ, төмендегідей негізгі бағыттар айқындалды:
- Agip KCO -> Tengizchevroil: 99 профиль
- Weatherford -> Excellence Logging: 88 профиль
- Kaspi -> Halyk Bank: 81 профиль
Бумеранг-эффект: қайтып оралған қызметкерлер
Қызметкерлерді қайта тарту бойынша Kaspi көш бастап тұр — 334 профиль. Артынша EPAM Systems (306), Tengizchevroil (160) және Kcell (108) компаниялары орналасқан. Бұл компаниялардың кадр саясаты мен корпоративтік мәдениеті мамандарды қайта оралуға итермелейтіні байқалады.
ІТ саласындағы білім ордалары
Жетекші университеттер
Қазақстанның ІТ мамандары негізінен келесі жоғары оқу орындарында білім алған:
- International Information Technologies University — 1563 профиль
- Suleyman Demirel University — 1299 профиль
- Nazarbayev University — 1298 профиль
- Kazakh-British Technical University — 1230 профиль
Танымал мектептер
Орта білім деңгейінде Nazarbayev Intellectual Schools көшбасшы — 449 профиль. Одан кейін Kazakh-Turkish lyceum (369 профиль) және FIZMAT (219 профиль) орын алады.
Қазақстандағы ең танымал ІТ-компаниялар
Қазақстанның ІТ мамандары жиі жұмыс істейтін компаниялар тізімі төмендегідей:
- Kaspi — 1199 профиль
- EPAM Systems — 949 профиль
- Halyk Bank — 604 профиль
- Bank CenterCredit — 487 профиль
- Beeline Kazakhstan — 439 профиль
Кәсіптік бағыттар мен негізгі дағдылар
Топ-9 мамандық
Қазақстандық ІТ мамандарының көбісі келесі салаларда жұмыс істейді:
- Frontend-разработчик — 6378 профиль
- Backend-разработчик — 3281
- Аналитик данных — 2757
Топ-10 дағдылар
ІТ мамандарына қажетті негізгі техникалық дағдылар мыналар:
- SQL — 5763 профиль
- JavaScript — 5453 профиль
- Git — 5295 профиль
- PostgreSQL және Java жоғары сұранысқа ие.
ІТ мамандарының еңбек тәжірибесі мен жыныс бойынша статистика
Жұмыс тәжірибесі:
- 1-5 жыл тәжірибесі бар мамандар басым — 6637 профиль.
- 6-10 жыл аралығындағы мамандар — 4300 профиль.
Жыныс бойынша:
- Ерлер — 12730 профиль
- Әйелдер — 2543 профиль
Танымал компаниялар мен университет арасындағы байланыс
Көптеген ІТ мамандары білім алған университеттерден Kaspi компаниясына жұмысқа орналасу жиі кездеседі:
- Nazarbayev University && Nazarbayev University — 300 профиль
- International Information Technologies University && Kaspi — 223 профиль
- Kazakh-British Technical University && Kaspi — 149 профиль
PS
Қазақстандағы ІТ саласының дамуы Kaspi, EPAM Systems және басқа жетекші компаниялармен тығыз байланысты екені байқалады. Жас мамандар арасында Frontend және Backend әзірлеушілер сұранысқа ие болса, SQL және JavaScript сынды дағдылар көшбасшы орында тұр. Сонымен қатар, бумеранг-эффект көрсеткіші компаниялардың ішкі мәдениетінің маңыздылығын тағы да дәлелдейді.