Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса мен ел азаматтарын Бостандық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы ОАР-дың саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуында жетістіктерге жеткенін, сондай-ақ халықаралық қауымдастықта белсенді рөл атқаратынын атап өтті. Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне сенімін білдірді. Жеделхатта Президент Рамафосаға мемлекеттік қызметінде толағай табыс, Оңтүстік Африка Республикасының халқына бақ-береке тіледі, — делінген Ақорда таратқан хабарламада.
Сондай-ақ, Тоқаев Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдағаны белгілі.
Фото: inform.kz сайтынан алынды