Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
АҚШ-тың қосымша баж салығы Германияның автоөндірушілеріне ауыр соққы болды
АҚШ президенті Дональд Трамптың енгізген қосымша баж салығына байланысты неміс автогиганттары Mercedes-Benz пен Volkswagen операциялық табысының 40 пайызын жоғалтты. 2024 жылдың алғашқы тоқсанында екі концерн де үлкен қаржылық шығынға ұшырады.
Mercedes-Benz-тің басшысы Ола Келлениус АҚШ-тың тариф саясаты тұрақсыздығына және нарықтағы белгісіздікке байланысты компанияның жылдық болжамын жариялаудан бас тартты. Ал Volkswagen Group өкілдері АҚШ-тың жаңа тарифтері компания бизнесіне аса әсер етпегенін айтқанымен, VW Group-тың жылдық пайда болжамы 5,5–6,5 пайыздың төменгі шегіне жақындады.
АҚШ-тың автоөндірісіне арналған қосымша салықтары
Еуропадан әкелінетін көліктерге 25 пайыздық импорттық баж салығы сәуір айынан бастап күшіне енсе, мамырдан бастап автокөлік бөлшектеріне де қосымша тарифтер енгізіледі. Дегенмен, 29 сәуірде Дональд Трамп елдің автоөндірушілеріне жергілікті жеткізілімдерді жетілдіруге уақыт беру мақсатында бөлшектерге салынатын жаңа салықты азайтуы мүмкін екенін айтты.
Бұған дейін АҚШ электроникаға салынатын баж салығын уақытша алып тастап, жаңа тарифтер даярлап жатқаны хабарланған еді.
Кілтсөздер: АҚШ баж салығы, неміс автоконцерндері, Mercedes-Benz, Volkswagen, импорттық тарифтер, америкалық автоөндірушілер, автокөліктерге қосымша салық
Фото: inform.kz сайтынан алынды