Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Пәкістанда мектеп оқушылары мінген автобусқа жасалған терактіден зардап шеккендер саны артуда
Пәкістанның Белуджистан провинциясындағы Хуздар ауданында лаңкестік шабуыл салдарынан кемінде төрт бала көз жұмып, 38 оқушы түрлі жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында ауыр халде жатқандары бар.
Жергілікті билік таратқан мәліметке сәйкес, мектеп оқушыларын әскери академияға апара жатқан автобустың жанында лаңкес өзін жарып жіберген. Әзірге бұл қанды оқиға үшін бірде-бір террористік топ жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
Пәкістанның Ішкі істер министрі Мохсин Накви бұл шабуылды қатаң айыптап, балаларға қол көтеру еш ақталмайтынын және мұндай әрекетті адамгершілікке жат қатігездік деп бағалады.
Айта кетейік, соңғы кездері Пәкістанда аптап ыстық жаһандық рекордқа таяп отыр.
Кілтсөздер: Пәкістан, лаңкестік шабуыл, мектеп оқушылары, теракт, Хуздар ауданы, жарақат, аптап ыстық.
Фото: inform.kz сайтынан алынды