Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады. Үндістанның PTI агенттігіне сілтеме жасап, шекарада атыс оқиғалары Тутмари-Гали және Рампур округтерінде орын алғанын хабарлады. Үндістан армиясының әскери қызметкерлері жауап ретінде шағын қарудан оқ атқан. Құрбандар саны туралы ақпарат әлі жоқ.
PTI мәліметінше, Джамму және Кашмирдің Пахалгам қаласындағы террорлық шабуылдан кейін Үндістан-Пәкістан шекарасына байланысты бітімгершілік келісімі үшінші рет бұзылып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуірде Пахалгамда қаруланған адамдар туристерге оқ атып, нәтижесінде 26 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Үндістан Пәкістанды шабуылға айыптап, «Инд сулары туралы келісімді» тоқтатып, пәкістандық дипломаттарды шығарды және оларға виза беруді тоқтатты.
Пәкістан болса, бұл айыптауларды теріске шығарып, Исламабадтағы үнді дипломаттарының санын шектеді. Олар су ресурстарына араласуды соғыс актісі ретінде қарастыратынын мәлімдеп, Үндістанмен сауданы тоқтатып, әуе кеңістігін жапты.
Дегенмен, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф 22 сәуірдегі террорлық шабуылды «бейтарап және ашық» тергеуге қатысуға дайын екендігін білдірді. Қайғылы оқиғадан кейін Үндістанның президенті премьер-министріне көңіл айтты, ал БҰҰ Бас хатшысы осы қарулы шабуылды қатаң түрде айыптады.
Фото: inform.kz сайтынан алынды