Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
ОПЕК мамыр мен маусым айларында мұнай өндіру көлемін арттыру туралы алғашқы жоспарларына сай әрекет ететінін мәлімдеді. Ұйым таратқан ақпаратқа сәйкес, маусым айында Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 1,5 миллион баррельге дейін жеткізе алады. Ал Ресейдің өндіріс квотасы 9,161 млн баррельге, Сауд Арабиясының көрсеткіші 9,367 миллионға жетуі мүмкін.
Мұнай нарығындағы соңғы өзгерістер мен әлемдік коммерциялық қорлардың азаюы осындай шешім қабылдауға негіз болды. ОПЕК жағдайға байланысты өндірісті арттыру туралы жоспарды тоқтатуы немесе қайта қарауы мүмкін екенін ескертті.
Ұйым бұл қадам мұнай нарығында тұрақтылық сақтап, өндіріс көлемін азайту жөніндегі келісімді бұзған елдерге артық өндірісті өтеу процесін тездетуге жол ашатынын айтты.
Ай сайын ОПЕК+ елдері мұнай нарығындағы ахуал мен келісімнің орындалуын бағалап, өтемақылар туралы кеңес өткізеді. Келесі кездесу 1 маусымда өтеді және онда шілде айындағы мұнай өндіру жоспары бекітіледі. Айта кетейік, ОПЕК+ мұнай көлемін нарыққа кезең-кезеңімен қайтару кестесіне өзгерістер енгізбек.
Фото: inform.kz сайтынан алынды