Главная страница » Қонаев қаласындағы ауруханада жалған медициналық қызметтер тіркелгені анықталды

Қонаев қаласындағы ауруханада жалған медициналық қызметтер тіркелгені анықталды

by EurasiaPluse
0 пікір

Бұл туралы EurasiaPluse порталы @gosrating телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

@gosrating арнасының мәліметінше, Қонаев қаласындағы ауруханада азаматтарға көрсетілмеген медициналық қызметтер Damumed базасына жалған түрде енгізілген. Осылайша ОСМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесі арқылы бюджет қаражатын заңсыз алу дерегі тіркеліп отыр.

Арна бұл дерекке байланысты Республикалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасы Асхат Жұмағалиевтен толыққанды тексеріс жүргізуді сұрайды.

Бұл — оқшау жағдай емес. Қазақстан азаматтары еліміздің түрлі өңіріндегі емханалар мен ауруханалардың өздерінің келісімінсіз Damumed жүйесіне жалған ақпарат енгізгені туралы бірнеше рет шағымданған. Яғни, олар «медициналық қызмет алды» деп көрсетілгенімен, шын мәнінде ешқандай ем-дом алмаған.

Құрметті оқырмандар! Damumed мобильді қосымшасы арқылы өз атыңызға тіркелген медициналық қызметтер тізімін тексеруді ұсынамыз. Егер жалған ақпарат анықталса, бізге хабарласып, құқық қорғау органдарына жүгінуіңізді сұраймыз.

@gosrating арнасы бұл жағдайға байланысты Бас прокурордан тексеріс жүргізуді сұрайды. Себебі, миллиардтаған теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқыру деректері бар деген күдік туындап отыр.

Айта кетейік, жуырда ғана Медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасары 400 млн теңге жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Қазір оқылып жатыр

EurasiaPluse.kz

Ел іші-сыртындағы өзекті жаңалықтар, сараптамалар, саяси және қоғамдық пікірлер

Соңғы жазбалар

@2025 — Барлық құқықтары қорғалған. EurasiaPluse.kz