Главная страница » Үндістан Пәкістаннан тауар әкелуге және транзитке тыйым салды

Үндістан Пәкістаннан тауар әкелуге және транзитке тыйым салды

by EurasiaPluse
0 пікір

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Үндістан Пәкістанмен шекарадағы шиеленіске байланысты саудаға шектеу қойды

Үндістан үкіметі Пәкістаннан шығарылатын немесе сол ел арқылы өтетін кез келген тауардың тікелей не жанама импортына, сондай-ақ транзитіне уақытша тыйым салды. Бұл туралы елдің Сыртқы сауда департаменті хабарлады. Аталған шектеу «ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттік мүддені қорғау мақсатында» енгізілген.

Бұл шешім Джамму мен Кашмирдегі Пахалгам қаласында орын алған қарулы шабуылдан кейін қабылданды. Аталған оқиғадан 25 үндістандық және 1 непалдық қаза тапса, қылмыскерлер ізін суытқан. Шабуыл кезінде әскери форма киген адамдар автоматпен оқ жаудырғаны белгілі. Полиция төрт күдіктінің үшеуінің кім екенін анықтады: олардың екеуі – Пәкістан, біреуі – Үндістан азаматы, төртіншісі әзірге белгісіз. Куәгерлер лаңкестер үнді азаматтарын қасақана нысанаға алғанын айтады.

Аталған террористік әрекетке жауапкершілікті Пәкістандағы «Лашкар-е-Тайба» ұйымымен байланысы бар Resistance Front тобы өз мойнына алған, бірақ кейін аталған топ бұл мәліметті жоққа шығарды.

Шиеленістен кейін Үндістан Исламабадтағы елшілік қызметкерлерінің санын екі есеге қысқартып, Пәкістан әскери кеңесшілерін персона нон грата деп жариялады. Бұдан бөлек, ел билігі шекарадағы басты бақылау-өткізу пунктін жауып, су ресурстарын бөлісу келісімін де тоқтатты. Сонымен қатар, Пәкістан азаматтарына виза беру де уақытша доғарылды.

Қазақстандағы Пәкістан елшісі Науман Башир Бхатти Астанада өткен брифингте Джамму мен Кашмирдегі жағдайға қатысты өз елінің ресми ұстанымын білдірді.

Кілтсөздер: Үндістан мен Пәкістан шиеленісі, шекаралық сауда, Кашмир оқиғасы, лаңкестік, импортқа тыйым, терроризм, ұлттық қауіпсіздік, Джамму мен Кашмир, Пәкістан елшілігі.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Қазір оқылып жатыр

EurasiaPluse.kz

Ел іші-сыртындағы өзекті жаңалықтар, сараптамалар, саяси және қоғамдық пікірлер

Соңғы жазбалар

@2025 — Барлық құқықтары қорғалған. EurasiaPluse.kz