Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
– Сәуірдің 28-інен 29-ына қараған түнде Пәкістан әскері Үндістанның Купвара мен Барамула аудандарының шекарасына қарама-қарсы аумақта бақылау сызығына себепсіз оқ атып, Үндістан армиясы жедел жауап берді, – деп хабарлады үнділік әскери қызметкерлер.
Жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.
Джамму мен Кашмирдегі теракт нәтижесінде 26 адам қаза тапқан соң, Нью-Дели мен Исламабад арасындағы шиеленіс күшейген сайын, Үндістан мен Пәкістан шекарасындағы атысты тоқтату режимі бесінші түн қатарынан бұзылды.
Оған дейін Пәкістан әскері сенбіден жексенбіге қараған түні Үндістанның Джамму және Кашмир одақтық аумағындағы бақылау сызығына оқ жаудырғаны хабарланды.
Пәкістанның қорғаныс министрі Хаваджа Асиф алдағы 2-4 күн ішінде Үндістанмен соғыс басталу қаупі бар екенін мәлімдеді.
Фото: inform.kz сайтынан алынды