Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады. Корея орталық ақпарат агенттігі (KCNA) мәлімдегендей, Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның бұйрығымен Ресейге әскер жіберу екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылды.
KCNA-нің хабарламасында Украина билігінің Ресей Федерациясына қарсы әрекеттері аясында Курск облысын азат ету операцияларының жеңіспен аяқталғаны айтылған. Сонымен қатар, КХДР Қарулы күштерінің бөлімшелері бұл операцияларға Ким Чен Ынның бұйрығымен қатысқан.
Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимов Владимир Путинге Курск облысындағы жағдай туралы айтып, Солтүстік Кореяның әскери қызметкерлерінің аймақты азат етуге елеулі көмек көрсеткенін жеткізді. Бұл – КХДР әскерлерінің Ресейге жіберілгені туралы ресми расталған алғашқы ақпарат.
Оңтүстік Корея, өз кезегінде, КХДР-мен диалог жүргізуге дайын екендігін мәлімдеді.
Фото: inform.kz сайтынан алынды