Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Британдық Виргин аралдарында жер сілкінісі тіркелді
Британдық Виргин аралдарында қуатты жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Род-Таун қаласынан (шамамен 8,4 мың тұрғыны бар) солтүстік-шығысқа қарай 65 шақырым жерде, 20 км тереңдікте тіркелді. Бұл туралы ресми ақпарат көздері хабарлады. Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша түнгі 02:58-де болған.
Қазіргі уақытта қирау немесе зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ. Сонымен қатар, цунами қаупі де жарияланбады.
Айта кетейік, жақында Аргентина жағалауында да 7,1 магнитудалы жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Ушуая қаласынан (58 мың тұрғын) оңтүстік-шығысқа 285 шақырым және Пуэнта-Аренас қаласынан (117 мың тұрғын) солтүстік-шығысқа 511 шақырым жерде орналасқан.
Кілт сөздер: жер сілкінісі, Британдық Виргин аралдары, жерасты дүмпуі, табиғи апат, Род-Таун, Аргентина жағалауы.
Фото: inform.kz сайтынан алынды