Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады. Израиль әскері Газаның бейбіт тұрғындарына қарсы әдейі шабуыл жасап, жүйелі геноцид жүргізіп жатыр. Бұл туралы жарияланған мәлімдемеде нақты деректер келтірілген. Соңғы есептерге сәйкес, қақтығыстар басталғаннан бері 18 мыңнан астам бала және 12 400-ден көп әйел қаза тапты.
Израиль әскерінің соққылары нәтижесінде 2 180 отбасы толық жойылып, 5 070 отбасында тек бір ғана тірі қалған адам қалғаны анықталған. Қаза тапқандар арасында 1 400 медицина қызметкері, 113 азаматтық қорғаныс қызметкері, 212 журналист, 750-ден астам гуманитарлық ұйым өкілі, 13 мың студент, 800 мұғалім мен білім саласының қызметкері, сондай-ақ 150 университет оқытушысы мен ғалым бар.
Мәлімдемеде осы деректер халыққа бағытталған жүйелі шабуылдарды айқындайтыны атап көрсетілген. Газа үкіметі халықаралық қауымдастықты Израильдің бұл әрекеттерін дереу айыптауға және жауапқа тартуға шақырды. Бұған дейін хабарланғандай, Газада 51 355 адам құрбан болды.
Фото: inform.kz сайтынан алынды