Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Газа секторында журналистердің өлімі: БҰҰ бұл әдейі жасалған әрекет деп алаңдаулы
Израиль әскері Газа секторында қаза тапқан журналистердің өлімі қасақана жасалған болуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ-ның оккупацияланған палестиналық аумақтар жөніндегі бас комиссарының өкілі Аджит Сунгай "Анадолу" агенттігіне берген сұхбатында айтты. Сұхбат Баспасөз бостандығының дүниежүзілік күніне орай өткізілген.
Аджит Сунгайдың айтуынша, палестиналық анклав – Газа секторында журналистер үшін әлемдегі ең қауіпті аймақтардың біріне айналған. Оның мәліметінше, 2023 жылдың 7 қазанынан бері 210-нан астам палестиналық тілші мерт болған. "Палестина журналистер одағының деректеріне сүйенсек, олардың көпшілігі кәсіби міндетін атқарып жүргенде қаза тапқан. Бұл оқиғаларды әдейі жасалған әрекет деп есептейміз. Әскери қылмыс ретінде тергеу керек", – деді ол.
БҰҰ өкілі халықаралық құқыққа сәйкес, қақтығыс аумағындағы журналистер мен басқа да бейбіт тұрғындардың қорғалуы тиіс екенін баса айтты. Дегенмен, көптеген дерек бұл талаптардың бұзылғанын көрсетіп отыр.
"Газада осыншалық көп журналист қысқа уақытта қаза тапқан жағдай бұрын-соңды болмаған. Олар тек ақпарат таратып қоймай, кейде өз үйлерінде, отбасыларымен бірге оққа ұшқан", – деп қосты Сунгай.
БҰҰ өкілі әскери қақтығыс кезінде кәсіби қызметін атқарған журналистердің отбасыларына, жақындарына әлем елдері атынан ынтымақ білдіретінін айтты.
Айта кетейік, 2024 жылы әлемде барлығы 54 журналист қаза тапқаны ресми деректерде көрсетілген. Газа секторында журналистердің қауіпсіздігі – жаһандық қоғамдастық үшін өзекті мәселе болып отыр.
Фото: inform.kz сайтынан алынды