Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады. Испания, Португалия, Франция және Андорраның кейбір аймақтарында электр қуатының ауқымды өшірілуі орын алды. Endesa және Iberdrola компаниялары осы жағдайдың себептерін зерттеп жатыр. Миллиондаған адам электр қуатынсыз қалды, ал Испания үкіметі шұғыл жиналыс өткізу үстінде.
Мадрид Барахас әуежайы да электр қуатынсыз қалып, жолаушылар ұшақта ұзақ күтуде. Euronews-тің хабарлауынша, Португалияда электр қуатының үзілуі тұрғындарды таңғалдырды: жүздеген жолаушы Лиссабон мен Мадридтегі метро туннельдерінде қалды. Ауруханалар уақытша генераторлармен жұмыс істеуде.
Францияның оңтүстік-батысындағы өрт Перпиньян мен Шығыс Нарбонна арасындағы жоғары вольтты электр желісіне зақым келтірді, деп жазады испандық БАҚ. Сонымен қатар, Испанияның 50 қаласында тұрғын үй дағдарысына қарсы демонстрациялар өткен еді.
Фото: inform.kz сайтынан алынды