Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады. Натрий перхлораты қатты зымыран отындарының құрамында пайдаланылатыны туралы The New York Times басылымы Ислам революциясы сақшылары корпусымен (КСИР) байланысты дереккөзге сүйене отырып хабарлады. Алайда, химиялық заттың жарылуына не себеп болғаны туралы ақпарат берілген жоқ.
26 сәуірде Иранның оңтүстік бөлігіндегі Бендер-Аббас маңындағы Шахид-Раджаи портында жарылыс орын алды. Оқиға салдарынан 14 адам қаза тапты, 750-ден астам адам жарақат алды. Иранның ішкі істер министрі Эскандар Момени оқиға орнына шұғыл барып, жағдайды бақылауға алды, бірақ жарылыстың ресми себебі әлі күнге дейін жарияланған жоқ.
Қайғылы оқиғаға қатысты Қазақстан Президенті Иран Президентіне көңіл айту хатын жолдады. Сонымен қатар, жарылыс болған порттың Қазақстанға маңызына арналған зерттеулер жүргізілген.
Фото: inform.kz сайтынан алынды