Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады. Францияның Ла-Гран-Комб коммунасындағы мешітте исламофобиялық шабуыл жасаған күдікті, 38 жастағы Оливье Х., Италияның Пистоя қаласында полицияға өзі берілді. Қазір ол Францияға экстрадициялануды күтіп отыр.
Жергілікті прокуратура шабуылды террорлық әрекет ретінде бағалауы мүмкін. Франция премьер-министрі Франсуа Байру бұл оқиғаны «исламофобиялық жиіркеніш» деп атады, ал көптеген саясаткерлер шабуылға қарсылық білдірді.
Франция Ислам Кеңесі (CFCM) атағандай, бұл шабуыл «антиисламдық террористік әрекет» деп танылып, олар оқиғаның бұрыс сипатында хабарланғанын, яғни француз БАҚ-тарының оны «екі мұсылман арасындағы жанжал» деп көрсетуін қатаң сынға алды. Кеңес Франциядағы мұсылман қауымына мұндай шабуылдардың алдын алу үшін мұқият болуға шақырды.
Қанды оқиға 25 сәуір күні таңғы 8:30 шамасында өтті. Хатидже мешітінде намаз кезінде белгісіз біреу 24 жастағы Абубакарға пышақпен шабуыл жасаған. Жас жігіт ауыр жарақаттан қайтыс болды. Шабуылдаушы бұл әрекетін әлеуметтік желіде жариялады.
Айта кетейік, бұған дейін Францияда 15 жастағы жасөспірім үш оқушыға пышақ жарақатын салған болатын.
Фото: inform.kz сайтынан алынды