Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Соңғы бағдарлама бойынша Эстонияның қорғаныс шығындары 2,8 миллиард еуроға өседі. Бүгінде Эстонияның қорғаныс шығындары елдің ЖІӨ-нің 3,3%-ын құрайды.
— Біз ұлттық қорғаныстың жаңа дәуіріне қадам басып, тарихи шешім қабылдадық. Бұл көлемде қаржы бір жылда бөлінген емес, — деді Эстонияның қорғаныс министрі Ханно Певкур.
Келесі жылы қорғаныс шығындары ЖІӨ-нің 5,4%-ына жетіп, 2%-дан астам өсімімен ұзақ кезең бойы сақталады, деп мәлімдеді министр.
— Соңғы төрт жылдық орташа көрсеткіш те 5,4%-ды құрайды, бұл НАТО-дағы әскери әлеуетті арттыру мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді, — деп толықтырды Певкур.
Үкіметтің қорғаныс шығындарын арттыру шешімі әскери қабілеттерді едәуір кеңейтуге бағытталған. Олардың қатарында әуе қорғаныс жүйесін жетілдіру, құрлық күштерінің атыс қуатын нығайту және электронды соғыс әдістерін дамыту жоспары бар.
Сонымен қатар, жобалар қатарында ауқымды инфрақұрылымдық жобалар, киберқорғаныс және ұшқышсыз ұшу аппараттарының сатып алуы, қарулы күштердің жеке құрамын көбейту секілді бастамалар қарастырылған.
Жаңа ақпарат бойынша, Латвия мен Эстония жаяу әскерге қарсы миналарды пайдалануға тыйым салатын Конвенциядан шығатындарын хабарлады.
Фото: inform.kz сайтынан алынды