Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Әл-Ануни Газа секторындағы соңғы ахуалға байланысты өткен баспасөз мәслихатында алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, аймақта гуманитарлық жағдай күрделеніп барады, азық-түлік қоры таусылуға жақын. Сонымен қатар, ол халықаралық гуманитарлық құқық аясында көмекті мұқтаж азаматтарға уақытылы жеткізу керектігін атап өтті.
Әл-Ануни Израиль билігіне тағы да үндеу жасап, Газаға гуманитарлық көмекті кедергісіз жеткізу үшін қоршауды алып тастауды сұрады.
Айта кетейік, Израиль әскері уақытша бітім режимін бұзып, 18 наурызда Газа секторына қайта шабуыл жасай бастады. Соңғы шабуылдардың салдарынан 2 326 палестиндік қаза тауып, 650-ден астамы жараланған. Құрбандардың арасында көбіне қарттар, әйелдер мен балалар бар.
2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль мен ХАМАС арасындағы қақтығыстардан Газа секторында қаза тапқандар саны 52 мыңнан, ал жараланғандар 118 мыңнан асты.
Израиль билігі ХАМАС атысты тоқтату ұсыныстарын қабылдамаған соң, әскери операцияларды күшейтуге ниетті екенін жеткізді. ХАМАС жағы болса, Израильдің делдал елдер алдында берген уәдесін орындамағанын, бейбіт халықты жаппай қырғынға ұшыратқанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, жуырда Газаға гуманитарлық көмек алып бара жатқан кемеге де шабуыл жасалды.
Кілтсөздер: Газа секторындағы қақтығыс, гуманитарлық көмек, Израиль шабуылы, палестиндіктер, бітім бұзылды, Газадағы ахуал.
Фото: inform.kz сайтынан алынды