50
«Ордабасы» клубының ойыншысы Бауыржан Исламхан отбасымен бірге жол апатына түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл жайында футболшыгның жары Еркежан Талғатбекова айтып берді.
«Айтсам ба екен, айтпасам ба екен деп ұзақ ойландым. Бәрі мені қайда жоғалып кетті деп сұрап жатыр. Желтоқсанның 15-нен 16-сына қараған түні біз отбасымызбен жол апатына ұшырадық. Бәріміз аман қалдық. Отбасымызға көз тиді ме, сөз тиді ме, білмеймін. Дегенмен, бір өлім аузынан аман қалдық. Мұны да бір сынақ деп қабылдадым», — дейді ол.
Олар 16 желтоқсанда «Тараз-Шымкент» бағытындағы жаппай жол апатының ішінде болған.