Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
Генк қаласындағы зиратта (Бельгия астанасынан 100 шақырым жерде) жерленген кеңес жауынгерлерінің арасында қазақстандық екі азамат – Нұрадин Бисенов пен Тоғайбай Уәлиев бар. Осы батырлар 1944 жылдың көктемінде Бельгияда қаза тапты.
Гүл қою рәсіміне қазақстандық дипломаттар, Бельгиядағы қазақ диаспорасының өкілдері және отандық журналистер қатысты.
2015 жылы марқұм қазақстандықтардың бірімен байланысты туысы зиратқа келген. Кейін Амангелді Бисенов телеарналардан туысын тауып, бейіт басына тағзым ету үшін барды. Ол өзімен бірге туған жердің топырағын алып барды.
Салтанатты шараға қатысушылар тарихи жадыны сақтау және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудің маңызына тоқталды. Ұлы Жеңіс жолында жанын пида еткен қазақ және кеңестік жауынгерлердің естеліктерін сақтау қажеттігі сөз болды.
Фото: inform.kz сайтынан алынды