Араб елдерінің Лигасы Газаны қалпына келтіруге арналған Мысыр ұсынған ауқымды жобаны мақұлдауға әзір екенін хабарлады, деп жазады Reuters агенттігі. Құны 53 миллиард долларға бағаланған бұл жоба 3 миллион тұрғынның қажеттіліктеріне бейімделген.
Ұсынылған 112 беттік құжатта палестиндіктерді Газадан басқа аймаққа көшіру қарастырылмаған. Газаны қалпына келтірудің алғашқы кезеңінде қирандылар мен үйінділерді тазалау жоспарлануда. Ал келесі кезеңде, яғни 2030 жылға дейін Газада жүздеген мың тұрғын үй, әуежай, қонақ үйлер мен ірі порт салынуы көзделген.
Алайда Израиль тарапы Мысырдың бұл бастамасына қарсылық танытып отыр.