Главная страница » АҚШ-тың Йемендегі әуе шабуылдары нәтижесінде 68 адам өмірін жоғалтты.

АҚШ-тың Йемендегі әуе шабуылдары нәтижесінде 68 адам өмірін жоғалтты.

by EurasiaPluse
0 пікір

Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.

Жуырда 35 адамның қайтыс болып, 50 адамның жарақат алғаны хабарланды. Көптеген жараланғандар ауыр жағдайда жатыр.

Оқиға кезінде орталықта 115 мигрант болған, олардың басым бөлігі Африка елдерінен келгендер.

2023 жылы Газа секторындағы шиеленістің өсуіне байланысты хуситтер Израильге шабуыл жасайтынын әрі Израильмен байланысы бар кемелердің Қызыл теңіз бен Баб-эль-Мандеб бұғазынан өтпеуін талап еткен болатын.

Қаңтарда Газа секторында бітім орнағанымен, наурыздың басында жағдай қайта шиеленісіп, хуситтер Израиль кемелеріне жаңа шабуылдарды бастады.

15 наурызда АҚШ президенті Дональд Трамптың бұйрығымен АҚШ күштері Йемендегі хуситтер бақылауындағы нысандарға әуе соққыларын жасады. АҚШ Орталық қолбасшылығы бұл операцияның мақсаты — америкалық мүдделерді қорғау мен Қызыл теңіздегі кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін мәлімдеді.

Осыған жауап ретінде «Ансар Аллах» қозғалысы Қызыл теңіздің солтүстігіндегі Harry Truman әуе тасымалдаушы кемесіне шабуыл жасауға бірнеше рет әрекет етті.

Ескере кетейік, АҚШ әскери күштері соңғы аптада Йеменге кемінде 260 әуе соқкы жасағанын жариялаған болатын.

Фото: inform.kz сайтынан алынды

Қазір оқылып жатыр

EurasiaPluse.kz

Ел іші-сыртындағы өзекті жаңалықтар, сараптамалар, саяси және қоғамдық пікірлер

Соңғы жазбалар

@2025 — Барлық құқықтары қорғалған. EurasiaPluse.kz