Бұл туралы EurasiaPluse ақпарат агенттігі хабарлады.
АҚШ 2026 жылы халықаралық ұйымдарға бөлінетін қаржыны қысқартуды ұсынды
Ақ үй жариялаған 2026 жылғы федералды бюджет жобасында АҚШ-тың халықаралық ұйымдарға бөлетін шығындарын азайту ұсынылды. Құжатта Трамп әкімшілігі БҰҰ, ЮНЕСКО және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) сияқты ұйымдарға ерікті жарналарды тоқтатып, 1,7 миллиард доллар үнемдеуді жоспарлап отыр.
Бюджет жобасына сәйкес, АҚШ президенті бұл ұйымдарға қаржылай көмекті өз еркімен беруіне мүмкіндік алады. Осы мақсатта 2,9 миллиард доллар көлеміндегі арнайы «стратегиялық инвестициялар» қоры құрылады. Сондай-ақ, АҚШ БҰҰ аясындағы кейбір «тиімсіз бітімгершілік миссияларын» қаржыландыруды тоқтатып, қосымша 1,6 миллиард доллар үнемдеуді көздеп отыр.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ 2026 жылы әскери шығындарын 1,01 триллион долларға ұлғайтуды жоспарлаған болатын.
Кілтсөздер: АҚШ, БҰҰ, ЮНЕСКО, ДДҰ, халықаралық ұйымдар, федералды бюджет, 2026 жыл, қаржы, стратегиялық инвестициялар, әскери шығындар.
Фото: inform.kz сайтынан алынды