Главная страница » Президент Тоқаев: «Қазақстан қуатты атом стансасына зәру»

Президент Тоқаев: «Қазақстан қуатты атом стансасына зәру»

by EurasiaPluse
0 пікір

«Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев референдум кезіндегі атом энергетикасына қатысты жоспарын тағы бір нақтылап, Қазақстанға қуатты атом стансасы қажет екеніне сенімді екенін жеткізді. Бұл туралы EurasiaPluse сайты жазды.

Президенттің мәлімдеуінше, Атом электр стансасын (АЭС) салу ісінде озық технологиясы бар компаниялар тартылады. Жоба аясында халықаралық консорциум құрылмақ. Бұған қоса, Қазақстан жағы бас оператор ретінде әрекет ететіні айтылды.

«Владимир Путиннің Астанаға сапары кезінде бұл мәселе талқыланды. Атом стансаларын салуға мол тәжірибесі бар «Росатом» компаниясының да жобаға қатысуы мүмкін екені әңгіме болды. Қытайдың азаматтық мақсатта ядролық нысандар салу ісіндегі жетістіктері ескеріліп, сол елдің компаниясымен де келіссөз жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Батыс елдерінің корпорациялары да қызығушылық танытты», – деді Тоқаев.

Биыл конкурстық рәсімдер өткізіледі. Содан кейін Үкімет түпкілікті шешім қабылдайды. Қазақстанға қуатты атом стансасы қажет екені анық, мен бұған сенімдімін. Оған қоса, таяу арада екінші, тіпті үшінші атом электр стансасын салуымыз мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Ядролық өнеркәсіп саласы қазірдің өзінде энергетика тапшылығына тап болып отырған экономикамызды өркендетуге зор серпін береді. Қазақстан ядролық энергетикасы дамыған елге айналуы қажет деп санаймын. Оның болашағы зор.» деді Тоқаев.

Қазір оқылып жатыр

EurasiaPluse.kz

Ел іші-сыртындағы өзекті жаңалықтар, сараптамалар, саяси және қоғамдық пікірлер

Соңғы жазбалар

@2025 — Барлық құқықтары қорғалған. EurasiaPluse.kz